Париж-2024: Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір жолдама түсті

Олимпиада жолдамасы үшін жалпы саны 21 қазақстандық спортшы таласқа түседі

Париж-2024: Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір жолдама түсті
olympic.kz

Стендтік атудан Қазақстан құрамасының мүшесі Мария Дмитриенко Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарының жолдамасын ұтып алды, деп хабарлайды olympic.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Мария Олимпада жолдамасын бүгінде Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан іріктеу турнирде иеленді. Ол "трап" жаттығуы бойынша сәтті өнер көрсетті. Осылайша, Мария  стендтік атудан ұлттық құрамаға кіретін атлеттердің арасында бірінші болып жолдаманы қалтаға басты.

Айта кетейік, Дохадағы бұл турнирде Олимпиада жолдамасы үшін жалпы саны 21 қазақстандық спортшы таласқа түседі. Іріктеу турнирі 29 сәуірге дейін жалғасады.