Алматы облысында ер адам тұрғындарды пышақпен қорқытқан

Аудандық полицияның учаскелік инспекторлары 1987 жылы туған ер адамды анықтап, ұстады.

Алматы облысында ер адам тұрғындарды пышақпен қорқытқан
aikyn.kz
621

Алматы облысы Қарасай ауданында қолында пышағы бар ер адам жергілікті тұрғындарды қорқытқан, деп хабарлады turkystan.kz.

Inform.kz сайтының мәліметінше, әлеуметтік желіге шыққан видеода ер адамның үстінен біренше рет арыз жазылса да, еш нәтиже бермегенін айтты.  

Алматы облысының полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

«15 сәуір күні Қарасай ауданының полициясына 54 жастағы Кемерторған ауылының тұрғыны беймәлім ер адамның дүкен мен аулада тұрғын көліктің терезесін сындырғанын айтып, шағымданды. Аудандық полицияның учаскелік инспекторлары 1987 жылы туған ер адамды анықтап, ұстады. Аталған дерек бойынша бұзақылық белгілері аясында қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта оқиғаны тергеудің жан-жақтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары