Қаза болғандар бар: Дубайда толассыз жауын жауып, үйлер мен жолдарды су басты

Бахрейнде, Оманда, Катарда және Сауд Арабиясында да жаңбыр жауды, дегенмен БАӘ-дегі жауын-шашын ерекше көп болған.

Қаза болғандар бар: Дубайда толассыз жауын жауып, үйлер мен жолдарды су басты
сурет: ddindia.co.in

Дубайда 75 жылда болмаған жауын жауып, үйлер мен жолдарды су басты. Қалада бір күнде142 мм-ден астам жауын-шашын тіркелді, бұл шамамен бір жарым жылда күтілетін нәтижемен бірдей, деп жазды Guardian.

Біріккен Араб Әмірліктерінlt қатты жаңбыр жауып, негізгі магистральдарды су басып, Дубай халықаралық әуежайындағы рейстер тоқтатылды. Ел үкіметі 75 жылдан бері болмаған құбылыс екенін айтты. Тасқын салдарынан кемінде бір адам қаза тапқан.

Бахрейнде, Оманда, Катарда және Сауд Арабиясында да жаңбыр жауды, дегенмен БАӘ-дегі жауын-шашын ерекше көп болған.

Үйлер су астында қалып, көліктер жолда қалды, өйткені билік суды сорып алу үшін көшеге автоцистерналар жіберді.