Із-түзсіз жоғалып кеткен 3 жастағы қыз бір айдан бері табылмай жатыр

Полиция Күш ауылына жақын орналасқан Ақши, Қырбалтабай және Балтабай кенттерінің тұрғындарынан да сұрап шыққан.

Із-түзсіз жоғалып кеткен 3 жастағы қыз бір айдан бері табылмай жатыр
Алматы облысының полиция департаменті

Алматы облысында үш жастағы қыз бір айдан бері іздестіріліп жатыр. Еңбекшіқазақ аудандық әкімдігінің хабарлауынша, іздеу операциясы кезінде жақын маңдағы су айдынының суы ағызылған. Бірақ ол жерден де ештеңе табылмады.

«Безымянный» тоғанындағы су 2 метрге түсірілді. Алайда қыз табылмады. Облыстық ішкі істер басқармасы мен Еңбекшіқазақ ішкі істер басқармасы Күш ауылына жақын орналасқан Ақши, Қырбалтабай және Балтабай кенттерінің тұрғындарынан сұрап шықты. Алайда, іздеу оң нәтиже бермеді. Қыз әлі табылған жоқ ,- деп хабарлады аудан әкімдігі.

Үш жастағы қызды іздеу жалғасып жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында үш жастағы қыз табылмай жатқаны хабарлаған болатынбыз. Өңірлерді жан-жақты тексеру нәтиже бермеген. Күш ауылында көлдің суын бірнеше метрге ағызылатыны айтылды. Ол жоғалған қыздың үйінің дәл жанында орналасқан.