Ақтаудағы пәтерлердің бірінде 52 жастағы әйелдің денесі табылды

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақтаудағы пәтерлердің бірінде 52 жастағы әйелдің денесі табылды
egemen.kz
2602

Ақтаудағы пәтерлердің бірінде 52 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Марқұмды азаматтық некедегі күйеуі бауыздап өлтіріп, кейін үйді өртеп жіберген дейді куәгерлер.  Бұл туралы turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Жантүршігерлік оқиға кеше таңда қаладағы көпқабатты үйдің бірінде болды. Өртеніп жатқан пәтерден әйел адамның денесі табылған. Шырт ұйқыда жатқан өзге тұрғындар шошып оянған. Бықсыған иісті сезіп өрт сөндірушілерді де көршілер шақырыпты. 10 шаршы метр жерді жалмаған өрт қасақана қойылғаны анықталған. Көп ұзамай полиция қызметкерлері жоғарғы қабаттан марқұмның көңілдесін ұстапты. Азаматтық некедегі әйелін қастандықпен өлтірді деген күдікпен ол қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.

 «Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», - деді Маңғыстау облысы ПД баспасөз хатшысы Айгерім Ибатуллаева.

Серіктес жаңалықтары