632
Букер сыйлығына үміткер туындылардың тізімі шықты
Халықаралық Букер Сыйлығы ағылшын тілінен басқа тілде жазылған ең жақсы әдеби шығармаларға беріледі.
Халықаралық Букер сыйлығына үміткер туындылардың тізімі шықты. Алты тілдегі, алты ел және үш континентті біріктірен алты кітап биылғы ең үлкен халықаралық әдеби сыйлыққа үміткер болып отыр.
Халықаралық Букер Сыйлығы ағылшын тілінен басқа тілде жазылған ең жақсы әдеби шығармаларға беріледі.
Биылғы үміткерлер алты елден, (Аргентина, Бразилия, Германия, Нидерланд, Оңтүстік Корея және Швеция) және үш континенттен, (Азия, Еуропа және Оңтүстік Америка) алты тілде (голланд, неміс, корей, португал, испан және швед) ұсынылып отыр.
Шорт тізімге мына шығармалар кірді:
- Сельва Алмаданың "Өзен емес" кітабы, Испан тілінен аударған – Энни Макдермотт
- Дженни Эрпенбектің "Кайрос" кітабы, Неміс тілінен аударған – Майкл Хофманн
- Иа Генбергтің "Егжей-тегжей" кітабы, швед тілінен аударған – Кира Йозефссон
- Хван Сок Енның "Матер 2-10" кітабы, Корей тілінен аударған – Сора Ким-Рассел және Янджи Джозефина Бэ
- Сара Тиммер Харви голланд тілінен аударған Дженте Постхуманың "Мен не жайында ойлағым келмейді" кітабы.
- Итамар Виейраның "Қисық соқа" кітабы, португал тілінен аударған – Джонни Лоренц
2024 жылғы халықаралық Букер сыйлығын табыстау рәсімі 21 мамырда Лондонның Тейт Модерн ауданында өтеді.