Тоқаев Ирандағы ахуалға байланысты Қауіпсіздік кеңесінің хатшысына шұғыл тапсырма берді

/
Тоқаев Ирандағы ахуалға байланысты Қауіпсіздік кеңесінің хатшысына шұғыл тапсырма берді
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке күштік құрылымдар мен салалық министрліктердің жетекшілерімен бірге Ирандағы ахуалдың ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық күштік құрылымдар тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілді. Үкіметте Сыртқы істер министрлігі жетекшілік жасайтын арнайы мониторинг тобы жұмысқа кірісті.

Өңір әкімдеріне Таяу Шығыста болып жатқан жағдайды ескере отырып, шешім қабылдау тапсырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар