Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Үнзила Шапақ жаңа Ата Заң жобасын талдауға арналған «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты партияаралық дебатта ұлттық валютамыздың Конституциялық деңгейде бекітілу маңызына тоқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Теңгені Ата Заңда бекіту ел аумағында қандай да бір басқа немесе «ортақ валюта» енгізу туралы қауесеттерге құқықтық тұрғыдан нақты тосқауыл қойылатынын білдіреді. «АМАНАТ» партиясы өкілдері Конституциялық комиссия құрамында болып, осы норманың Жаңа Конституция жобасына енуіне қолдау көрсетті», – дейді ол.