АҚШ-та бес жастағы Уильям Хайнс ұшқыштарды даярлауға арналған оқу құралынан қате тауып, әлеуметтік желіде танымал болды. Бала ұшақтар туралы ақпаратты ерекше қызығушылықпен зерттейді және авиацияға әуестігімен көзге түскен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның айтуынша, оқу материалындағы екі жер бедері мониторы бір-біріне сәйкес келмеген.
«Мен екі монитордағы көріністердің сәйкес келмейтінін байқадым. Олар мүлде ұқсамады», – деген Уильям.
Мұндай сәйкессіздік қонуға бет алғанда шатасуға себеп болуы мүмкін еді.
Мамандар баланың байқағанын тексеріп, қателік бар екенін растаған. Кейін Уильям анасымен бірге Southwest Airlines әуе компаниясының өкілдерімен кездескен. Отбасы компанияның Даллас қаласындағы (Техас) штаб-пәтеріне арнайы шақырылып, VIP-турға қатысқан.
Компания басшылығы балаға алғыс білдіріп, марапат ұсынған. Сондай-ақ Уильям ұшқыш кабинасына кіріп, ұшу симуляторында тәжірибе жасап көрген. Анасы Амбер Хайнстың айтуынша, олар компания өкілдерімен екі сағаттан астам сөйлескен, дәл сол уақытта бала қателікті аңғарған.
Кішкентай әуесқойдың өзі болашақта адамдарға сапар шегуге көмектескісі келетінін айтқан.
«Маған ұшу ұнайды. Сонда 7000 миль жаяу жүрмеймін», – деп әзілдеген ол.
Авиация саласында ұшқыш болу – миллиондаған баланың арманы. Алайда кәсіби дайындықтың құны жоғары болғандықтан, бұл мамандықты игеретіндер саны әлдеқайда аз. Уильямның оқиғасы зейін мен қызығушылықтың жасы болмайтынын тағы бір мәрте көрсетті.