Тіл тазалау – ауыз қуысы гигиенасының маңызды бөлігі. Дәрігердің айтуынша, тіл бетінде тамақ қалдықтары мен бактериялар жиналып, қақ түзіледі. Егер оны уақтылы тазаламаса, ауыздан жағымсыз иіс шығып, дәм сезу қабілеті төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz ресейлік «Известия» басылымына сілтеме жасап.
Сонымен қатар зиянды микроағзалардың көбеюі асқазан-ішек жолы мен ЛОР-ағзаларына кері әсер етуі ықтимал.
Маман тілді күн сайын арнайы қырғышпен немесе ирригатордың арнайы саптамасымен тазалауды ұсынады. Бұл әдіс зиянды бактериялар мен тіс қақтарының мөлшерін шамамен екі есеге дейін азайтады және жағымсыз иістің қарқындылығын 85%-ға дейін төмендетуі мүмкін.
Яғни тілді тазалау тек эстетика емес, жалпы денсаулыққа әсер ететін қарапайым, бірақ тиімді әдет.