Алматы облысындағы пластикалық терезелер шығаратын цехтан өрт шықты, деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Талғар ауданында пластикалық терезелер шығаратын цех өртенген. Қызыл жалынның ауданы – 78 шаршы метр.
«Өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Оны сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 7 адам мен 2 техника жұмылдырылған», - делінген хабарламада.