Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланып, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр, деп жазады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Құлсары қаласынан 12 мыңнан астам адам қауіпсіз орынға көшірілді. Эвакуацияланған адамдардың 5 мыңы – балалар. Тұрғындар Атырау қаласына, Жылыой ауданында орналасқан "Теңіз кен орнындағы вахталық қалашыққа және Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына эвакуацияланды, – деп хабарлады облыстық штабтан.
 
								 
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                         
                                        