Ұлттық жоба білім биігіне жетелейді

2021-2025 жылдар аралығын қамтитын ұлт­тық жоба аясында балаларды мектепке дейін­гі тәрбиемен, біліммен қамту, қалалық жә­не ауылдық мектептер арасындағы оқыту са­пасының алшақтығын қысқарту, оқу орын­дарының тапшылығы мәселелерін шешу жо­лында мектептер салу, қауіпсіз әрі жайлы бі­лім беру ортасын қалыптастыру  мәселелері қарас­тырыл­ған.

Ұлттық жоба білім биігіне жетелейді
сурет: kpravda.ru

Елімізде 2021 жылдан бастап мемлекеттік бағдарламалар Ұлттық жобаларға көше бастаған болатын. Сол жылы қабыл­дан­ған 10 нақты жобаның бірі – білім беруді дамыту тұжырым­да­масының аясында әзірленген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы.  

2021-2025 жылдар аралығын қамтитын ұлт­тық жоба аясында балаларды мектепке дейін­гі тәрбиемен, біліммен қамту, қалалық жә­не ауылдық мектептер арасындағы оқыту са­пасының алшақтығын қысқарту, оқу орын­дарының тапшылығы мәселелерін шешу жо­лында мектептер салу, қауіпсіз әрі жайлы бі­лім беру ортасын қалыптастыру  мәселелері қарас­тырыл­ған. 
Білім сапасын арттыруды көздейтін жо­баға жалпы 1 970 535 267 теңге бө­лін­ген. Ұлттық жоба 4  бағыттан, 5 мін­дет­тен тұрады және 15 көрсеткіш пен 26 іс-ша­ра­ны қамтиды. Бірінші міндет – Ваучерлік қар­жыландыру немесе «Қаражат балаға» қа­ғи­даты. Мақсаты – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігі мен сапасын қам­тамасыз ету. Аталған міндетті орындау үшін ваучерлік қаржыландыру жолымен мем­лекеттік тапсырысты орналастыру ар­қы­лы мектепке дейінгі ұйымдар желісін да­мыту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Жоба нәтижесі бойынша 2025 жылға қарай 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейін­гі біліммен қамту 95 пайызға, ал 3 жас­тан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100 пайыз­ды қамтиды.  
Былтыр мектепке дейінгі білім беру меке­ме­лерінде 67 мың жаңа орын ашылып, 2-6 жас­тағы балаларды біліммен қамту 91 пайыз­ға дейін артты. Ал апат жағдайындағы және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақ­сатында 137 мың орындық 165 жаңа мек­теп іске қосылған. Сондай-ақ  апат жағ­дайын­дағы 12 және  үш ауысымды 29 мектеп­тің мәселесі шешімін тапты. 230 мектеп күр­делі жөндеуден өтіп, 2 100 мектеп жаң­ғыр­­тылған. Оның – 1 008-і – ауыл мектебі. 
Жобаның екінші міндеті – орта білімнің са­пасын арттыру. Әсіресе, өңірлер, қалалық жә­не ауылдық мектептер  арасындағы оқыту са­пасындағы алшақтықты азайту маңызды. Бұл мақсатта кешенді шаралар қабылданды. Мә­селен, бұл бағытта 12 жылдық оқытуға кө­шу­ді жоспарлау, қосымша білім беруге мем­лекеттік тапсырыс орналастыру жұмыс­тарын атқару көзделген.
Ұлттық жобаның үшінші міндеті – мек­тептерді жайлы, қауіпсіз және за­манауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету. Оқушыларға орын жетіспеушілігін азайту үшін 2025 жылға қарай 1 000 мектеп салу жос­парланған. Жоба сәтті жүзеге асырылса, үш ауысымды мектептер жойылып, апат жағ­дайындағы мектептер үлесі 0,1 пайызға дейін қыс­қармақ. Сондай-ақ келесі жылдың соңы­на дейін шағын қалаларда, аудан орта­лық­тарында, ауылдарда 5 000 мектеп жаңғыр­ты­лып, балаларды қауіпсіз және қолайлы орта­да оқытуға жағдай жасалмақ. 
– Әр оқушының жан-жақты білім алуы мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуы ке­рек. Сондықтан «Жайлы мектеп» ұлттық жо­басы қолға алынды. 2025 жылға қарай 800 мың баланың заманауи мектептерде білім алуына жағдай жасайтын боламыз. Осылайша біз апат жағдайында жұмыс істейтін және үш ауы­сымда оқитын мектеп мәселесін толығы­мен шешеміз», – деген болатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бүгінде елімізде үш ауысымдағы 200 мектеп бар екен. Былтыр оқу жылы басталғанда Оқу-ағар­ту министрі Ғани Бейсембаев жаңа 154 мек­теп пайдалануға берілгенін айтқан бола­тын. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 200-ден аса мектептің құрылысы басталған. 2024-2025 жылдары 740 мың орындық 369 мек­тепті пайдалануға беру жоспарлануда. 
– Балалардың қауіпсіздігі мен құқық­тары­ның қорғалуы – министрліктің ерекше бақылауында. 2023 жылдың қорытындысы бойын­ша мемлекеттік білім беру ұйымдарын ЖБО-ға қосылған бейнекамералармен, ли­цен­зияланған күзетпен, турникеттермен жә­не дабыл түймелерімен жарақтандыру то­лығымен аяқталды. Бұл бағыттағы жұмыс әлі жалғасады. Мектептегі тамақтануды ұйым­дастыруға қойылатын талаптар заңна­ма­лық түрде бекітілген. Бракераждық ко­мис­сия­лар мен ведомствоаралық сараптамалық топ­тар қоғамдық бақылаудың рөлін кү­шейт­ті. Енді тек тағамның мөлшері ғана емес, со­нымен қатар «жеткізушіден сақтауға» дейін­гі технологиялық процесс бақылауда бо­лады. Тамақтану сапасын арттыруда отан­дық кәсіпкерлердің әлеуметтік жауап­кер­шілігі де маңызды», – деді Оқу-ағарту ми­нист­рі Ғани Бейсембаев.
Қолжетімді және сапалы техникалық жә­не кәсіптік біліммен қамтамасыз ету – жо­баның төртінші міндеті. 2025 жылға қарай жас­тардың 100 пайызы қажетті мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар NEET санатындағы жастар үлесі төмендейді деп күтіп отыр.  
Бесінші міндет – қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабі­лет­ті­лі­гін арттыру. Ұлттық жоба шеңберінде NU-дың тәжірибесі бойынша 20 академиялық ар­тықшылық орталығы (15 өңірлік және 5 пе­дагогикалық ЖОО) және 2 жетекші ЖОО құрыл­мақ. Сондай-ақ, 2025 жылдың соңына дейін шетелдік жоғары оқу орындарының 5 фи­лиалын ашу жоспарланған. Бұл өз кезегін­де жастардың елден кетуін қысқартуға мүм­кін­дік береді дейді мамандар. 
Жоба аясында кәсіпорындар мен орта­лық­тарда үздіксіз білім беру, сондай-ақ тех­ни­калық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектерін қолдау қамтамасыз етіледі. ЖОО-ларда зерттеу экожүйесінің жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасалады.
– Техникалық және кәсіптік білім беруде сту­денттердің оқу шеберханаларынан нақты өн­діріске «үздіксіз ауысуына» басымдық бе­ріл­ді. 558 колледжде дуальды оқыту ұйым­дас­тырылып, 410 колледжді 500 кәсіпорын қам­қорлыққа алды. Бизнестің тікелей қол­дауы­ның арқасында 75 колледждің материал­дық-техникалық базасы жаңартылды. Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс көлемі артып ке­леді. 2023 жылы техникалық мамандық­тар­ға қабылданған студенттердің үлесі 60 пайыз­ды құрады, – деген болатын министр.
Жаһандану кезеңінде білім берудің маз­мұны да жаңарды. Сондықтан бү­гінгі білім беру жүйесінің мақсаты – са­па­лы білім мен бәсекеге қабілетті маман әзірлеу. Осы орайда елі­міздегі білім беру саласындағы олқылықтар мен қордаланған мәселелерді ше­шуге бағыт­талған «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы нақты және маңыз­­ды міндеттерді жү­зеге асыруды жалғас­тыра бермек.