Теміртау тұрғынын жарақаттаған күдіктілер ұсталды

Ұсталғандар 27-31 жас аралығындағы азаматтар.

Теміртау тұрғынын жарақаттаған күдіктілер ұсталды
Видеодан алынған скриншот

Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Теміртау қаласының тұрғынына қатысты қару қолдану арқылы бұзақылық әрекет жасаған 27-31 жас аралығындағы үш адам ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске сала кетейік, 4 сәуірге қараған түні Теміртау қаласының ауруханасына оқ жарақатымен 27 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген болатын. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Басқа ақпарат тергеу құпиялылығына сәйкес жариялауға жатпайды.