Маңғыстауда 2 жасар бүлдіршінді ұрған балабақша тәрбиешісіне сот үкімі шықты

Сот тәрбиешіге 172 500 теңге айыппұл жазасын тағайындады.

Маңғыстауда 2 жасар бүлдіршінді ұрған балабақша тәрбиешісіне сот үкімі шықты
BaigeNews.kz
990

Маңғыстауда екі жастағы баланы ұрған балабақша тәрбиешісіне айыппұл салынды, деп хабарлады turkystan.kz.

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін балабақша тәрбиешісіне айыппұл салды.

Mangystaumedia.kz сайтының мәліметінше, сотталушы М., яғни балабақша тәрбиешісі екі жасқа толмаған А-ны ұрып-соғып, дене жарақатын келтірген.

«Сот отырысында М. жәбірленушіден кешірім сұрайтынын, жасаған әрекетіне өкінетінін, бұл іс-әрекетінің өзіне өмірлік сабақ болғанын, енді қайталанбайтынын айтып көрсеткен. Сотталушының кінәсі оқиға орнынан алынған бейнежазбаның көшірмесімен, куәлардан жауап алу хаттамасымен дәлелденді. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайға сотталушының кінәсінің мойындауын, шын жүректен өкініп отырғандығын таныса, жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ»,- деп жазылған соттың хабарламасында.

Сот сотталушыны қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, М-ға кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу қызметімен айналысу құқығынан бір жылға айыра отырып, 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 172 500 теңге айыппұл жазасын тағайындады.
 

Серіктес жаңалықтары