Су басқан аймақтардағы мектептерде сабақ онлайн өтеді

Балалар қашықтықтан оқу үшін қажетті оқу құралдарымен, киім-кешекпен және техникалық құралдармен қамтамасыз етілді

Су басқан аймақтардағы мектептерде сабақ онлайн өтеді
Ашық дереккөз

Су тасқынына байланысты дүйсенбіден бастап еліміздегі 88 білім беру ұйымы 4-тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында бастайды, деп хабарлады turkystan.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Қашықтықтан оқыту су тасқыны қаупі сақталған аумақтардағы 56 мектепте, сондай-ақ эвакуациялық пункт ретінде айқындалған 32 мектепте ұйымдастырылады.

Жергілікті жерлерде Оқу-ағарту министрлігінің аумақтық білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері мен өңірлік білім басқармалары жұмыс жасауда. Эвакуациялық пункттердегі балаларға қажетті көмек көрсету үшін психологиялық қызметтер іске қосылды. Балалар қашықтықтан оқу үшін қажетті оқу құралдарымен, киім-кешекпен және техникалық құралдармен қамтамасыз етілді. Эвакуацияланған 1-4 сынып оқушыларын тамақтанумен қамту мәселесі бойынша жұмыстар жүргізілуде, - делінген хабарламада.