Әр өңірде нақты іс-қимыл жоспары болуға тиіс – премьер-министр

Үйі апатты деп танылған зардап шеккен азаматтардың тізімін жергілікті әкімдіктер жасайды

Әр өңірде нақты іс-қимыл жоспары болуға тиіс – премьер-министр
Ашық дереккөз
1039

Олжас Бектенов Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді, деп хабарлады turkystan.kz.

Штаб басшысы – премьер-министр Олжас Бектенов, премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев штаб басшысының орынбасары болып тағайындалды.

ТЖ салдарынан қираған үйлерді қалпына келтіру жұмыстары мен салуға ҚР Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен қаражат бөлінетін болады. Үйі апатты деп танылған зардап шеккен азаматтардың тізімін жергілікті әкімдіктер жасайды.

Мемлекет басшысы су тасқынына қарсы іс-шараларды қанағаттанарлықсыз деп сынға алды. Қазірден бастап апаттан келтірілген залалдың көлемін бағалауды бастап, зардап шеккен адамдарға дереу материалдық көмек көрсетуге кірісу керек. Сондай-ақ болашақта мұндай ауқымды су тасқынының алдын алу үшін кешенді шаралар әзірлеу қажет. Әр өңірде нақты іс-қимыл жоспары болуға тиіс, — деді Штаб төрағасы Олжас Бектенов.

Серіктес жаңалықтары