922
III Карл Ұлыбритания армиясындағыларға сақал қоюға рұқсат берді
Дегенмен, сақал қоюға байланысты кейбір талаптар әлі де сақталады.
III Карл Ұлыбритания армиясындағыларға сақал қоюға тыйым салатын 100 жылдан бері қолданыста болған ереженің күшін жойды. Бұл туралы mir24.tv Telegraph басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Дегенмен, сақал қоюға байланысты кейбір талаптар әлі де сақталады: сақалға ұқыппен қарап, ұзын қылып өсірмеу керек.
Бұл Біріккен Корольдіктің Қарулы Күштерінің қатарына кірушілер саны азайып бара жатқанына байланысты қабылданған шараның бірі екені айтылған.