1 млрд теңгеден астам сомаға жалған шот-фактуралар жазған астаналық сотталды

Сот оны 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

1 млрд теңгеден астам сомаға жалған шот-фактуралар жазған астаналық сотталды
ҚМА
703

Астана тұрғыны 1 млрд теңгеден астам сомаға жалған шот-фактуралар жазып берген, деп хабарлады turkystan.kz.

ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті «Каз Монтаж Энерджи» ЖШС атынан 1 млрд астам сомаға жұмыстарды, қызметтерді көрсетуді және тауарларды жөнелтуді жүзеге асырмай, жалған шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«Ұйымдастырушы 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап 2022 жылдың маусым айына дейінгі аралықта Астана қаласында бір топ тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы «Каз Монтаж Энерджи» ЖШС атынан «ТазалыкЭксперт» ЖШС және «Bertys Construction» ЖШС-не іс жүзінде қызмет көрсетпестен шот-фактуралар жазып берген», - делінген хабарламада.

Сот оны 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

Серіктес жаңалықтары