Бибісара Асаубаева Swiss Queens Wednesday турнирінде жеңіске жетті

Бибісара Асаубаева апта сайынғы онлайн турнирінде топ жарды.

Бибісара Асаубаева Swiss Queens Wednesday турнирінде жеңіске жетті
liter.kz

Блиц шахматтан қатарынан 2 дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева апта сайынғы Swiss Queens Wednesday онлайн турнирінде топ жарды, деп хабарлады turkystan.kz prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық құрама көшбасшысының бірі 11 турда 10,5 балл жинап, керемет нәтиже көрсетті. Бибісара өзінен кейінгі шахматшыдан 2 ұпай озып кетті.

Бибісара Асаубаева – 10,5 балл (300 доллар)

Теодора Иняц (Сербия) – 8,5 балл (250 доллар)

Савита Шри Баскар (Үндістан) – 8,5 балл (200 доллар)

Вантика Агравал (Үндістан) – 8 балл (150 доллар)

Фам Ле Тхао Нгуен (Вьетнам) – 7,5 балл (100 доллар)

«Swiss Queens Wednesday турнирі Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) 100 жылдығына орай өткізіліп жатыр. Мұнда әлемнің мықты шахматшылары ғана бақ сынай алады. Әр жарыстың жүьлде қоры 1000 АҚШ доллары», - делінген хабарламада.