Қызылорда облысында жоғалып кеткен екі адам табылды

Іздеу жүргізу нәтижесінде 24 наурыз күні түнгі сағат 01-05-те Қармақшы ауданы Жосалы кентінен 100 шақырым жерде 1989 және 1994 жылы туған 2 азамат табылды

Қызылорда облысында жоғалып кеткен екі адам табылды
Видеодан алынған кадр

Қызылорда облысында жоғалып кеткен екі адам аман-есен табылды, деп хабарлады turkystan.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, 23 наурызда сағат 19:38-де Қызылорда облысы Жосалы кентінен 100 шақырым жерде жеңіл автокөлікпен кеткен 2 адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Іздеу жүргізу нәтижесінде 24 наурыз күні түнгі сағат 01-05-те Қармақшы ауданы Жосалы кентінен 100 шақырым жерде 1989 және 1994 жылы туған 2 азамат табылды.