Теміртауда автобус жүргізушісі есінен танып, ағашқа соғылды

/
Теміртауда автобус жүргізушісі есінен танып, ағашқа соғылды
Видеодан скриншот

Теміртауда автобус жүргізушісі есінен танып, ағашқа соғылды. Оқиға 14 қарашада болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық полиция мәліметінше, автобус жүргізушісінің жол үстінде кенеттен жағдайы нашарлап, есінен танып қалған. Салдарынан автобус ағашқа соғылған.

64 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

Автобус салонында шамамен 15 жолаушы болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары