Ресейдегі президент сайлауы: ОСК алдын ала қорытындыны жариялады

Ресей Федерациясы президентін сайлауда Владимир Путин айқын жеңіске жетті.

Ресейдегі президент сайлауы: ОСК алдын ала қорытындыны жариялады
pixabay

Ресей президенттігіне үміткер әрі қазіргі мемлекет басшысы Владимир Путин 2024 жылғы президенттік сайлау хаттамаларының 99,43% пайызын санау нәтижесі бойынша 87,32 пайыз дауыс жинап, көш бастады. Бұл туралы РФ Орталық сайлау комиссиясы хабарлады, деп жазады ТАСС.

Екінші орында 4,32 пайыз дауыс жинаған Ресей Федерациясы Коммунистік партиясынан кандидат Николай Харитонов, үшінші орында 3,79 пайыз дауыспен «Жаңа халық» партиясынан кандидат Владислав Даванков тұр. Төртінші орында — 3,19% дауыс жинаған ЛДПР кандидаты Леонид Слуцкий.