Өскеменде жас жігітті көшеде пышақтап кеткен

Қазір пышақтап кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр

Өскеменде жас жігітті көшеде пышақтап кеткен
Ашық дереккөз

15 наурызда Өскеменде полицияға Абай даңғылында қанжоса болып жатқан жас жігіттің денесі табылғаны туралы хабарлама түскен, деп жазады turkystan.kz nege.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір пышақтап кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.

Күдікті анықталып, ізін суытпай ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Заттай дәлелдемелер алынып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталу үстінде, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ олар желідегі жас жігіттің оққа ұшқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын нақтылады.

Тек ресми дереккөздерге сенулеріңізді сұраймыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған, - деп ескертті ведомство.