Наурыз жаңаша тойланады

Биылғы жылдан бастап Қазақ­стан бойынша Наурыз мере­ке­сін жаңа форматта тойлаудың мәні не, он­да қандай шаралар жүзеге асады де­сек, енді Наурыз мейрамы біртұтас он­күндік мерекеге айналып отыр. Яғни, енді жыл сайын 14-23 нау­рыз аралығында Нау­рыз­на­ма онкүндігі өтеді. Бұл орай­да Наурыздың бірегей логотипі бе­кі­тіліп, ол еліміздің барлық аймақ­та­­­рында бірдей қолданылатын болады.

Наурыз жаңаша тойланады
Айқын-Литер
1699

Наурыз мерекесі 1988 жылы елімізге араға 62 жыл салып қайта оралды. 1926 жылы Кеңес өкіметі діни мейрам деген сылтаумен халықтық дәрежеде тойлауға тыйым са­лынған бұл мейрам Ұлы Далада ғасырлар бойы тойланып келген, халқымыздың жаңа жыл­ды қарсы алу дәстүрі болатын. Сондықтан жаңа дәуірде қайта оралған, 36 жылдан бері халқымыздың жыл сайын қуана күтіп алатын Наурызы көңілдерге қуаныш сый­лайтын, салт-дәстүрімізді еске түсіріп, әдет-ғұрпымызды жандандыратын рухани құ­бы­лысқа айналды.

Жалпы, белгілі бір мәні бар, қалыптасқан түрі бар өзге мейрамдарға қарағанда Наурыз мерекесінің ая­сы кең, жан-жақты түрлендіре беруге болатын мей­рам. Сондықтан кейінгі жылдары бірқалыпты пі­шінге түсіп бара жатқан Наурызды елімізде той­лау­дың жаңа концепциясы жасалып, ел басшылығы көктеммен бірге келіп, көңілдерді көріктендіретін мейрамды жаңаша мерекелеудің жобасын бекітті. 

Биылғы жылдан бастап Қазақ­стан бойынша Наурыз мере­ке­сін жаңа форматта тойлаудың мәні не, он­да қандай шаралар жүзеге асады де­сек, енді Наурыз мейрамы біртұтас он­күндік мерекеге айналып отыр. Яғни, енді жыл сайын 14-23 нау­рыз аралығында Нау­рыз­на­ма онкүндігі өтеді. Бұл орай­да Наурыздың бірегей логотипі бе­кі­тіліп, ол еліміздің барлық аймақ­та­­­рында бірдей қолданылатын болады.
Тарихи кезеңдерде жаңа жылды той­лау он шақты күнге жалғасып, ол «Нау­рызнама» деп аталған. Бұл жайын­да Махмұд Қашғари, Мәшһүр Жүсіп Кө­пейұлы, Абай Құнанбайұлы, Шәкә­рім Құдайбердіұлының еңбектерінде айтылған. Сондықтан еліміз ендігіден бы­лай сол деректерге арқа сүйей оты­рып, Наурызнаманы жаңғыртып, жаңа­­­­ша мерекелейтін болады.
Атап айтқанда:
14 наурыз – Көрісу күні – Амал ме­ре­кесі. 
Бұл дәстүр негізінде еліміздің ба­тыс өңірлерінде күні бүгінге дейін сақ­талған. Енді халқымыз үшін қас­терлі әрі орны ерекше бұл мерекені елі­міздің барлық аймақтарында той­лау ұсынылды. 
15 наурыз – Қайырымдылық кү­ні. 
Бұл күн ел бойынша қайы­рым­ды­лық­қа, мейірім мен тату көршілікке ар­налады. Қоғамға қайырымдылық көр­сету мәдениетін сіңіріп, жана­шыр­лық пен өзара қол ұшын беру құн­ды­лық­тарын қалыптастыру үшін бұл күн­нің маңызы зор.
16 наурыз – Мәдениет және ұлт­тық салт-дәстүр күні. 
Бұл күн мәдениетімізді, өнеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды на­си­хаттауға арналып, республика бойын­ша түрлі іс-шаралар өткізілетін бо­лады.
17 наурыз – Шаңырақ күні. 
Бұл күні ұлттық отбасылық құн­ды­лықтарымызды дәріптеуге, өнегелі ұр­пақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға ар­налған мәдени іс-шаралар өтеді. 
18 наурыз – Ұлттық киім күні.
Наурызнаманың бұл күні елі­міздің барлық өңірлерінде ұлттық киім­дерімізді насихаттауға бағыт­тал­ған түрлі іс-шараларды өткізіледі. 
19 наурыз – Жаңару күні.
Бұл күні көктемгі ағаш егу дәстүрін жаң­ғыртып, еліміздің барлық өлке­сін­де жаңадан терек-талдар, жеміс ағаш­тары­ның көшеттері отырғызылады. 
20 наурыз – Ұлттық спорт күні.  
Бұл күні елдің барлық аймақ­та­рын­­да ұлттық спорттан түрлі жарыс­тар ұйымдастырылады. Ел ішінде өт­кізілетін ат жарыстары, бәйге, көкпар, ау­дарыспақ, жамбы ату, теңге ілу, құс­бегілік және асық ату, тоғызқұ­ма­лақ, садақ тарту турнирлері қарапайым халықтың шынайы мереке салтанатын сезінуіне мүмкіндік береді.
21 наурыз – Ынтымақ күні.
Бұл күннің идеясы – жалпы ха­лық­тың бір-біріне деген сый-құр­мет­терін арттырып, татулық пен бірлікті на­си­хаттау.
 22 наурыз – Жыл басы. 
Бұл күні еліміздің барлық өңірле­рін­де жалпыхалықтық мәдени-спорт­тық іс-шаралар өткізіліп, стильді эт­ноауыл­дар мен түрлі жәрмеңкелер ұйым­дастырылады. 
14-23 наурыз аралығында «Нау­рыз-базарлық» маусымы жарияланады. 
Бұл күндері сауда орындарында жап­пай сатылымдар жүргізілетін бо­ла­ды.
Бұл Наурызды тойлаудың жаңа тұ­жырымдамасы.
Енді осы күндердің мән мағынасы туралы айта кетейік.
Көрісу күні Наурызнаманың бірін­ші күні. 
Көктем наурыз айынан баста­ла­ты­ны белгілі. Шығыс халық­тары үшін жаңа жыл көктемде кіруге тиіс. Себебі көктемде суық кетіп, күн жы­­лына бастайды. Жер жаңарып, өсім­­діктер әлемі тіріліп, дүние жаңара­ды. Жаңа жыл деп аты айтып тұр­ғандай, жаңа жылда әлем-тірпшілік жаңармаса, оның несі жаңа жыл? Біздің қазіргі ресми жаңа жылымыз қыс­тың бірінші айында басталады. Ол кезде дүние жаңармақ түгілі жер-әлем қардың астында жатады. Өсімдіктер әлемі мүлде өлі күйде болады. Демек, жаңа жыл көктемнің алғашқы айы − наурызда кіруі заңдылық. Бірақ бізде ел­дің бір-бірін қазақтың жаңа жы­лы­мен құттықтау неге 14 наурыздан бас­­­талады? Оның бір себебі, 1918 жыл­­­дың 24 қаңтарында В.Ленин «Рос­сия рес­публикасында баты­сеу­ро­палық күн­тізбені қолдану туралы декретін» жа­риялап, ол бойынша Кеңестік Ре­сей­­дің Григориан күнтізбесіне өту жайын­да құқықтық-нормативтік акт қабылданды. Осылайша, 1918 жылдың 31 қаңтарынан кейінгі бірінші күні ақ­панның бірі емес, 14-інен бастал­ға­ны мәлім. Содан бері осы күн санау жүйе­­сімен жүріп келеміз. Демек, қа­зір­­гі 14 наурызымыз бұрынғы 1 нау­рыз. Сондықтан 14 наурызда елдің бір-бірімен көрісіп, жаңа жылмен құт­тықтауы заңдылық деуге болады. Оны амал мерекесі деп атап жүр­ген­дер­ге ғалымдар тарапынан қарсылық бар. Дұрысы көрісу күні екен.
Қайырымдылық күні Наурыз­на­ма­ның екінші күні ретінде алынып отыруын­да да символдық мән бар. Жаңа жыл басталғанда ол көңілдерге қуаныш сыйласа бір ғанибет. Қоғамда қа­шанда қайырымдылыққа зәру адам­дар болады. Оларды өзгелер елеп-ес­керіп, мейірім танытып, қайырым­ды­лық жасап отырса, бұл үлкен адамгер­ші­­­­ліктің белгісі. Адамгершіліктің жа­зыл­маған заңдарына әркім бас иіп, бір-біріне көмектесуге дайын тұрса, ол қо­ғамда әділеттілік сөзсіз үстем бо­ла­ды.
Наурызнаманың үшінші күні Мә­де­ниет және ұлттық салт-дәстүр күні бол­са, оның ұлт, мемлекет үшін зор маңы­зы бар. Мәдениет ешбір халық­тың жеке меншігі емес әрі ол кең ұғым. Ұлт­тық мәдениет әр халықтың бол­мы­сын, рухани әлемін көрсетіп тұра­тын құндылық. Қазақ халқының мә­де­ниеті оның салт-дәстүрлерінде, әдет-ғұрыптарында. Сондықтан оны сақ­тау, қолдану, қадірлеу өте маңызды. Де­мек, бұл күн қазақ мәдениетін да­мы­туға арналғандықтан, оны да ерек­ше қуанышпен атап өткен дұрыс.
Наурызнаманың төртінші күні − Шаңырақ күні − отбасы құндылық­та­ры­на арналған күн. Қазақ отба­сы­ла­ры­ның өз құндылықтары бар. Ол үй­дің үлкеніне құрмет, кішілеріне ізет көр­сету, сыпайы болу, сыйластықта өмір сүру. Бізде жасы үлкендердің ор­ны ерекше, олардың айтқан ақылы, көр­­сеткен өнегесі жасы кішілерге жол-жоба, бағыт-бағдар саналады. Қа­зақ ұрпағын әрдайым жаман іс­тен жиренуге, жақсыға сүйінуге, қуану­ға, қолдауға тәрбиелейді. Өтірік айту, ғайбаттау, алдау сияқты теріс әдеттерден сақтандырады.
Наурызмананың бесінші күні − Ұлттық киім күні де ұлты­мыз үшін маңызы бар күн деуге бола­ды. Қазақтың ұлттық киімдері бірегей, еш елге ұқсамайтындығымен ерек­ше­ле­неді. Ұлттық киімді құрметтеу, оны киіп жүру де өз халқыңа деген сүйіс­пен­шіліктің белгісі. Бүгінде тақия ки­ген ер адамдар мен камзол киген қыз-келіншектердің көбеюі де ұлттық киімге деген ерекше құрмет, өзіңнің қай ұлттың өкілі екеніңді танытып тұра­тын қасиет. Демек, ұлттық киімді з­а­манға сай жаңғыртып, тұтынып отыр­­сақ, онкүндік наурызнама күнде­рі бәріміз де ұлттық киім киіп жүре ал­сақ, ол да өз тегіңе деген мақтаныш сезімін оятады.
Наурызнаманың алтыншы күні – Жаңару күні ағаш отырғызу дәс­тү­рін жаңғыртуға арналған. Бұрында көк­­темде әр үй ауласына тал отыр­ғы­зып, жеміс ағашын егіп жататын. Бұл біз­­дің табиғатты аялау сезімімізді оя­та­­тын, адамзатқа оттегін бөліп тұра­тын өсімдіктер дүниесіне деген құр­мет­­тің көрінісі. Жер шарында орманы аз елдер көп, біздің ел де солардың қа­­тарында. Сондықтан жаңару кү­нін­де еліміздің әр тұрғыны ауласына не кө­ше­сіне, сондай-ақ орман өсіруге бо­ла­тын алқаптарға тал-терек егіп жат­са, ол да бір ғанибет. Орманы көп ел­дің ауа­сы таза, осыны естен шығар­мау керек.
Наурызнаманың жетінші күні Ұлт­тық спортқа арналған. Қазақта ұлттық спорт­тың түрлері көп, бірақ қолданып жүргеніміз аз. Ат жарысы, көкпар мен қазақша күрес қана танымал. Қалған­дарын жұрттың көбі біле бер­мейді. Дегенмен кейінгі жылдары са­дақ ату дамып келеді. Бұрында мер­ген­дік­ке баулитын жамбы ату, күш-қай­рат­ты көрсететін аударыспақ деген ұлт­тық ойын түрлеріміз болған. Ұлт­тық спорт күнінде сондай халықтық спорт түрлерін дамытуға себіміз тиіп жатса, ол тек қана қуанышты жағдай болар еді.
Наурызнаманың сегізінші күні ын­тымақ күні деп белгіленген. Ынты­мақ­тасу мемлекет үшін де, халық үшін де маңызы бар құбылыс. Бір елде әр­түр­лі халық өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі қашаннан бар. Адамдар нә­сілі, діни сенімі, тілі, әдет-ғұрпы жө­ні­нен әртүрлі болуы мүмкін, бірақ олар­ды біріктіретін адамгершілік қа­сиеттер. Адамдардың бір-біріне түсі­ніс­тікпен қарауы, бір-бірінің сенімін, сал­тын сыйлауы халықтың бірлігі мен мем­лекеттің бүтіндігі үшін ең керекті фак­тор. Демек, ынтымақ күні саяси тұр­ғыдан да, адамгершілік жағынан да өз мақсатына жетіп жатса, ол үлкен же­тістік.
Наурызнаманың тоғызыншы кү­ні – 22 наурыз, жыл басы. Жо­ғарыда айтып өткеніміздей, халқы­мыз ежелден көктемнің келуін жаңа жыл деп қабылдаған. Мұндай түсінік біз­ден басқа көптеген халықта да бар. Шы­ғыс халықтары есте жоқ ескі за­ман­дардан бері жыл басын наурыз деп са­нап келеді. Біздің ата-бабаларымыз да солай санаған. Демек жыл басын қуа­нышпен, жаңа арман-үміттермен қар­сы алуға үйренуіміз керек. Бүгінде қаң­тардың бірі күні қарсы алып жүр­ген жаңа жылдың көңіл күй бірте-бір­те наурыздың 22-сіне қарай бұрылса, біз табиғи түрде келетін жаңа жылды кү­тіп алуға әдеттеніп, табиғатпен үн­дес өмір сүруге үйренетін боламыз.
Наурызнаманың соңғы күні – 23 наурыз. Бұл алғашқы тоғыз күн­нің қорытындысы іспеттес. 14 нау­рыз­дан басталған «Наурыз-базар» сау­да, жәрмеңке күндерінің соңы осы күн­де аяқталады. Әрине, жәрмеңке де­генді жыл бойына өткізе беруге бо­ла­ды, бірақ он күнге созылатын нау­рыз жәрмеңкесінің орны бөлек. Онда адамдар өздері көптен бері сатып ал­сам деп ниеттеніп жүрген нәрсесін ба­зардан тапса, оның бағалары да қол­­­­жетімді болса керемет емес пе? Нау­рыз-базар жәрмеңкесінде бәрі та­былу­ға тиіс. Кім не қалайды, бәрі бол­ға­ны жақсы. Сондықтан еліміздің бар­лық жерінде жыл бойы осы Нау­рыз-базарға дайындық жүріп, онкүн­дік Наурызнаманы ерекше етіп өткере біл­сек керемет болар еді. Онда ол әлем­­­­ге қазақ базары деген атпен таны­лып, осы күндері елімізге өзге елдер­ден туристер ағылар ма еді. Ол дегенің ке­ремет қой. Демек Наурыз-базарды қа­зақтың ұлттық ЭКСПО-сы қылуға мүм­кіндік бар! 
Қазаққа алпыс екі жылдан кейін қай­та оралған Наурыз мейрамы бү­гін­де елімізге, халқымызға рухани ләззат, ша­быт сыйлайтын мерекеге айналды. Дегенмен Наурызды жаңаша тойлау − Наурызмана жобасын жүзеге асыру біз­дің мемлекеттің саяси өмірінде орын алары сөзсіз.

Ахмет ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары