Щучинсктегі өрт болған кафе иесін қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

/
Щучинсктегі өрт болған кафе иесін қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
видеодан скриншот

Щучинск қаласында газ жарылысы салдарынан 12 адам қаза тапқан «Центр плова Loft» кафесінің иесіне қатысты қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, бұған дейін Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты кәсіпкерді екі айға қамауға санкция берген. Бұл шешім 2026 жылғы 4 наурызда қабылданған.

Ведомствоның ақпаратынша, тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі («Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу») бойынша жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары