Жамбыл облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен адам табылды

/
Жамбыл облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен адам табылды
112

Бүгін Жамбыл облысының Меркі ауданында жоғалған 1982 жылы туған малшыны іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ер адам 2 мамыр күні Тәтті ауылынан 40 шақырым қашықтықтағы құмды аймақта орналасқан қыстақтан мал жаюға шығып, хабар-ошарсыз кеткен.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ құтқарушылары, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы қызметкерлері, кинологиялық есептоптар, ұшқышсыз ұшу аппараттары және «Қазавиақұтқару» АҚ авиациясы жұмылдырылды.

Жоғалған азамат жоғалған жерден 35 шақырым қашықтықтағы шаруа қожалықтарының бірінің аумағынан табылды. Сонымен қатар құтқарушылар жоғалған малды да тапты. Ер адам медициналық көмекті қажет етпеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары