1188
Эко-сән: Балықтың "терісінен" тігілген киімдер трендке айналып жатыр
Тігіншінің сөзінше, оның жұмыстары биологиялық жолмен, толықтай ыдырайды
Ақсеркенің терісінен көйлек тігетін британдық әйел өз жұмыстарын экологиялық сән әлемінің стандарттарына сай келеді деп ойлайды. Бұл туралы cambridge-news.co.uk жазды.
Тігіншінің сөзінше, ол тұрақты түрде, биологиялық жолмен ыдырайтын киімдер тігеді.
Ол материалды нарықтағы сатушылардан жинайды, содан кейін жайып, кептіреді, бояйды және пішіндеу үшін манекенге керіп қояды. Нәтижесінде "мата" жеңіл және берік болып шығады, тіпті иісі де жоғалып кетеді екен.
Атақты адамдар қазірдің өзінде балықтың "терісінен" тігілген киімдерін киіп көруге қызығушылық білдіріп жатыр.