Айбек Оралбай Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды

Сонымен боксшылардың қоржыны үшінші жолдамаға толықты

Айбек Оралбай Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
olympic.kz

Бүгінде Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан іріктеу турнирінде Қазақстан қоржынына алғашқы жолдама түсті.

92 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Айбек Оралбай ширек финалда америкалық Джамар Таллимен кездескен болатын. 

Олимпиада жолдамасы таласқа түскен бұл кездесуде қазақстандық боксшы 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан ерлер командасы Париж Олимпиадасының екінші жолдамасына ие болды. 

Еске сала кетейік, бокстан Қазақстан еншісінде әзірге екі жолдама бар. Жазғы Азия ойындарында аса ауыр салмақта бокстасатын Қамшыбек Қоңқабаев пен 57 келіде өнер көрсететін Карина Ибрагимова Париж Олимпиадасына баруға мүмкіндік алған еді.