Айбек Оралбай лицензиялық турнирдің ширек финалына өтті

Төрешілердің бірауыздан шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті

Айбек Оралбай лицензиялық турнирдің ширек финалына өтті
ҰОК

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирдің 1/8 финалында қазақстандық боксшы Айбек Оралбай 5:0 есебімен жеңіске жетті, деп жазады turkystan.kz.

Ол Эквадордан келген Хулио Сесар Кастильо Торреспен жұдырықтасқан болатын.

Төрешілердің бірауыздан шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті.

Осылайша, Айбек 1/4 финалға жолдама алды.