Екібастұз қаласында монша өртенді

Зардап шеккендер жоқ.

Екібастұз қаласында монша өртенді
Nur.kz

Екібастұз қаласында монша өртке оранды, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, 7 наурыз күні сағат 20:30 шамасында өрт сөндіру пультіне Беркімбаев көшесі, 166А мекенжайы бойынша моншадағы түтін туралы хабарлама келіп түсті.

«Оқиға орын алған жерге өрт сөндірушілер 20:35-те жетті. Монша-сауықтыру кешенінің бірінші қабатындағы жалпы алаңы 9 шаршы метр ағаш қаптауының жанып жатқаны анықталды», – делінген хабарламада.

Өрт сағат 20:45-те оқшауланып, 20:55-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Себеп пен залал анықталуда.