1682
Атырауда белгісіз ер адам автобус жүргізушісін соққыға жықты (ВИДЕО)
Оқиға Атырау қаласында №22 бағытта жолаушы тасымалдайтын автобуста болған.
Атырауда қоғамдық көлікке мінген ер адам жолақы төлеуден бас тартқан. Сөйтіп ескерту жасаған жүргізушіге дөрекі сөйлеп, соққыға жыққан.
Бұл туралы Instagram желісінде видео тарады. Оқиға Атырау қаласында №22 бағытта жолаушы тасымалдайтын автобуста болған. «Смарт-Атырау» КМК директоры Арслан Ароновтың айтуына қарағанда, жолаушы мен жүргізуші арасындағы кикілжің жолақыға қатысты өрбіген.
«Автобусқа мінген ер адам жүргізушіге дөрекілік танытып, қол жұмсады. Соққының салдарынан жүргізушінің беті мен көзі істі. Автобус жүргізушісі полицияға шағым түсіреді. Ал, бұзақылық жасаған жолаушы валидаторды сындырды», - деп мәлім етті Арслан Аронов.