Махмұд Сабырхан Италиядағы турнирдің келесі кезеңіне өтті

Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегін өткізді

Махмұд Сабырхан Италиядағы турнирдің келесі кезеңіне өтті
olympic.kz

Италияда өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлады turkystan.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

57 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Сабырхан бірінші айналымда эфиопиялық Лета Фикремариам Ядесамен жұдырықтасты.

Бұл жекпе-жекте Сабырхан айтарлықтай қиындықсыз жеңіске жетті. Келесі айналымда ол таиландтық Саравут Суктхетпен қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, Сабырхан 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатының финалында тап осы Саравутты жеңген болатын.