841
Елімізде бүгіннен бастап блогерлерге қатысты жаңа ереже күшіне енді
Құжаттағы көрсетілген негізгі құқықтық тетіктердің бірі – желідегі жарнаманы таңбалау міндеттемесі
Онлайн жарнаманы таңбалау ережесі бүгін, 2 наурызда күшіне енеді, деп жазады turkystan.kz.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, заң жобасы Қазақстанда қауіпсіз онлайн орта құруға бағытталған. Құжаттағы көрсетілген негізгі құқықтық тетіктердің бірі – желідегі жарнаманы таңбалау міндеттемесі.
Ережеге сәйкес инфлюенсерлер (блогерлер) коммерциялық немесе шарттық негізде орналастыратын онлайн жарнаманы таңбалауға тиіс. Олар жарияланымның басында немесе соңында онлайн ортада белсенді қолданылатын төмендегідей тұжырымдардың бірін көрсету керек: «жарнама», «жарнамалық материал», «серіктестік материал», «демеушілік материал», «жарнама құқығында»,«демеушімен төленген», «PR құқығында».