Алматыдағы машина құрастыру зауыты сатылмайтын болды

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі С.М.Киров атындағы «Машина жасау зауыты» АҚ-ның 100% жай акцияларын сату бойынша жарияланған конкурстың күшін жою туралы шешім қабылдады

Алматыдағы машина құрастыру зауыты сатылмайтын болды
ke.kz
994

С.М.Киров атындағы «Машина құрастыру зауыты» АҚ акцияларын сату жөніндегі конкурс өткізілмейді, деп жазады turkystan.kz.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі С.М.Киров атындағы «Машина жасау зауыты» АҚ-ның 100% жай акцияларын сату бойынша жарияланған конкурстың күшін жою туралы шешім қабылдады. 

Осыған орай, ағымдағы жылғы 28 ақпанда «Қазақстан инжиниринг» ҰК АҚ-на тапсырма жіберілді. Осылайша сауда-саттық өткізілмейді. Конкурстың өткізілмеуі «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 9 қаулысымен қабылданған зауыттың іске асырылуы бойынша шешімдерді жаңарту және нақтылау қажеттілігіне байланысты, - делінген министрлік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары