Адам өлтірген қылмыскер 25 жылдан кейін ұсталды

25 жыл бұрын күдіктіге Ресей Федерациясының Томск облысы бойынша ІІМ Басқармасы іздеу жариялаған.

Адам өлтірген қылмыскер 25 жылдан кейін ұсталды
bestnews.kz
854

Ресейде адам өлтіріп, 25 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер Ақмола облысында ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 жыл бұрын күдіктіге Ресей Федерациясының Томск облысы бойынша ІІМ Басқармасы іздеу жариялаған.

«Қазақстан азаматы 1999 жылдың 12 наурызында Томск қаласында өзінің танысын өлтіріп, қашып кеткен. Кейін оған Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша қылмыс жасады деген айып тағылды. Күдіктінің орналасқан жерін бірден анықтау мүмкін болмағандықтан, Ресейдің Томск облысы бойынша ІІМ Басқармасының Октябрь ауданы бойынша ІІМ Бөлімі іздеу жариялаған. Ер адам 25 жыл бойы жасырынып келді. Жақында Атбасар ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел – іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ауылдардың бірінде жүрген ауыр қылмысқа күдікті ер адамды анықтады», - деді ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары