Шымкенттік шенеуніктер 2,5 млн теңге айыппұл төледі

Шымкентте өз міндеттемелерін орындамаған жабдықтаушыларға мемлекеттік органдар шара қолданбаған.

Шымкенттік шенеуніктер 2,5 млн теңге айыппұл төледі
Шенеунік. Фото: bel-news.by
1063

Шымкентте прокуратураның қадағалау актісімен лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Шымкент қалалық прокуратура.

Шымкентте өз міндеттемелерін орындамаған жабдықтаушыларға мемлекеттік органдар шара қолданбаған.

"Еңбекші ауданының әкіміне, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығына, құрылыс басқармасының бұрынғы бастығы, қалалық драма театрдың бұрынғы басшысына қатысты ӘҚБтК 207-бабының 10-бөлігі бойынша "Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу" бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 47 хаттама толтырылды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Мемлекет кірісіне 2 595 600 теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

Сонымен қатар 30 жабдықтаушы жауапсыз қатысушылардың тізіміне енгізіледі. Олар бұдан былай мемлекеттік сатып алуға қатыса алмайды.

Серіктес жаңалықтары