ШЫҰ тағы бір мемлекетпен толығады
Бұл тарихи шешім Астанада қабылданады
Биыл елімізде Шанхай Ынтымақтастық ұйымының 24-саммиті өтеді, деп хабарлады turkystan.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Халықаралық іс-шара шілде айына жоспарланған. Қазір оған дайындық жүріп жатыр. Бұл туралы ұйым хатшылығының 20 жылдығы барысында айтылды. Салтанатты қабылдауға ұйымға мүше 9 мемлекет пен бақылаушы елдер қатысты. Хатшылық 2004 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бейжіңдегі тұрақты орган үйлестіру, ақпараттық-сараптамалық, заңды және техникалық жұмысын қамтамасыз етумен айналысады. Ортақ күш салудың арқасында өңірлік қауіпсіздік, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған әлемдегі ең беделді ұйымға айналды.
Айта кету керек, 2023-2024 жылдары ұйымға төрағалық ету міндеті Қазақстанға берілген. Биыл ұйымға мүшелікке 10-елді қабылдау жоспарда. Бұл тарихи шешім Астанада қабылданады.
Оныншы мүше мемлекет ретінде Белорусь республикасы күтілуде. Сонымен қатар әлі талқылану үстінде бірақ егер консенсус болған жағдайда Әзірбайжан мемлекетіне де біз бақылаушы мәртебесін көтермекшіміз. Алжир мемлекетін де сұхбат мемлекет деңгейіндегі мәртебесін бермекшіміз, - дейді ШЫҰ хатшылығы жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Нұрлан Аққошқаров.