Оралда жасөспірімдерді қорқытып, ақша бопсалаған студенттер ұсталды

Алаяқтық әрекеттерге барғандардың барлығы колледж студенттері.

Оралда жасөспірімдерді қорқытып, ақша бопсалаған студенттер ұсталды
ашық дереккөз

Орал қаласында қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Олар қаладағы сауда орталықтарының қызметкерлері мен оқу орындарының студенттерін тонап, ақша бопсалады деген күдікке ілінген.
 

«Жоғарыда аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Уақытша ұстау изоляторына 4 күдікті қамауға алынды. Алаяқтық әрекеттерге барғандардың барлығы колледж студенттері», – делінген polisia.kz хабарламасында.
 

Қылмыстық топқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтап, ұстау бағытында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.