Түркістан облысының тұрғыны зейнеткердің көлігін ұрлап, сатып жіберген

Тұрғын автокөлікті 200 мың теңгеге сатып жіберген.

Түркістан облысының тұрғыны зейнеткердің көлігін ұрлап, сатып жіберген
polisia.kz
1194

Түркістан облысында зейнеткердің көлігін ұрлап, сатып жіберген азамат қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz.

Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік ұрлығына қатысы бар 36 жастағы жұмыссыз тұрғынды ұстады.

«Анықталғандай, күдікті ер адам қарияның жалғызбасты екенін біліп, түнгі уақытта сыртқы есігінен асып түскен. Үй алдында тұрған құны 2,5 миллион теңге тұратын есігі ашық тұрған Lada көлігі күдіктінің ұрлық жасауына еш қиындық тудырмаған. Яғни, автокөлікті сүйреп алып шығып, Тараз қаласына қарай бет алған», – делінген Polisia.kz сайтының хабарламасында.

Оңай жолмен пайда табуды көздеген ол автокөлікті 200 мың теңгеге сатып жіберген.

Полицейлер қолды болған көлікті тәркілеп, заңды иесіне табыстады. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
 

Серіктес жаңалықтары