Петропавлда 15 жастағы қыз көпқабатты үйден құлап кетті

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүріп жатыр

Петропавлда 15 жастағы қыз көпқабатты үйден құлап кетті
inbusiness.kz

Петропавлда өткен жұма күні көпқабатты үйдің шатырынан жасөспірім қыз құлап, аман қалды. Алайда жағдайы ауыр, деп жазады turkystan.kz Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға жайында 102 жедел арнасына хабарлама түсісімен-ақ, полицейлер оқиға орнына жетті. Жарақат алған қыз медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

СҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірімнің жағдайы бірқалыпты нашар, дәрігерлер баланы дәрімен ұйқыға жіберді. Өкпесіне жасанды желдету аппараты қосылған.