Боранда науқасқа тізерлеп барған фельдшерлер марапатталды (ВИДЕО)

Бауыржан Құдияров, Сая Рысбай, Қайрат Төлеуге алғыс хат табыстады

Боранда науқасқа тізерлеп барған фельдшерлер марапатталды (ВИДЕО)
Видеодан алынған кадр

Ақтөбе облысының әкімі хромтаулық фельдшерлер Бауыржан Құдияров, Сая Рысбай, Қайрат Төлеуге алғысын білдірді, деп жазады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының әкімі Самара-Шымкент тасжолындағы жағдайды бағамдау үшін жолға шығып, Хромтау ауданына барды. Қазіргі кезде мұнда бір бағытта ғана жеңіл көліктің жүруіне рұқсат етілді. Ал жүк көліктері жол толық тазартылғанда ғана жіберіледі. Ауданға сапарында Асхат Шахаров қызметіне адалдық танытып, әлеуметтік желі жұлдыздарына айналған фельдшерлерді марапаттады. Бауыржан Құдияров, Сая Рысбай, Қайрат Төлеуге алғыс хат табыстады. Адамдардың өмірін сақтап қалуды көздеген мамандардың еңбегі міндетті түрде еленетінін жеткізді.

Біз белгіленген жерге кешігіп жатсақ, диспетчерлерге дәлел ретінде бейнежазба жазып жібереміз. Науқасқа барып, жұмысқа қайтып келсек, әлеуметтік желілерде әлгі видеомыз тарап кеткен, - дейді фельдшер Бауыржан Құдияров.