Көкшетау мектептерінде ішімдікке тәуелді күзетшілер жұмыс істеген
Наркологиялық диспансерлік есепте тұрған күзетшілер анықталды
Көкшетау қаласының прокуратурасы Ақмола облысының Полиция департаментінің бірлесіп, ұйымдарының қызметіне тексеру жүргізілді, деп хабарлады turkystan.kz.
Тексеру барысында «Алкогольді тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылыстары, тәуелділік синдромы» диагнозымен наркологиялық диспансерлік есепте тұрған күзетшілер анықталды.
Күзетшілердің өздеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі бөлігінде басқа да бұзушылықтар, сондай-ақ оларды күзетші ретінде еңбек қызметін жүзеге асыруға тыйым салатын баптар бойынша бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері анықталды, - делінген хабарламада.
Тексеру нәтижелері бойынша Көкшетау қаласының прокуратурасы уәкілетті органға кінәлілерді заңда белгіленген жауапкершілікке тарту және қызметкерлерді мектептерді қорғаудан шеттету мақсатында заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді.