Астана шетіндегі елдімекендерге қатынайтын қоғамдық көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 8-9 ақпан күндері Астанада қарлы боран, көктайғақ болады.

Астана шетіндегі елдімекендерге қатынайтын қоғамдық көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды
2gis

Ауа райының нашарлауына және жолдардың жабылуына байланысты Астана шетіндегі елдімекендерге қатынайтын қоғамдық көліктер қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлады turkystan.kz Астана әкімдігінің  сайтына сілтеме жасап.

«Ауа райының нашарлауына және жолдардың жабылуына байланысты қала маңы бағдарларының барлық қозғалысы уақытша тоқтатылды», - делінген CTS хабарламасында.

Естеріңізге салсақ, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 8-9 ақпан күндері Астанада қарлы боран, көктайғақ болады. Оңтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-шығыс желінің екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с.