Өскемен тұрғыны күшіктерді балталап тастаған

Ер адам ұсталып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Өскемен тұрғыны күшіктерді балталап тастаған
elements.envato.com

Өскеменде қария күшіктерді балталап тастаған. Кішкентай тіршілік иелерін аяусыз өлтірген видео желіде тарады. Бұл туралы turkystan.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап хабарлады.

«Мұны жасаған адамды полицейлермен бірге 12 сағат іздеп, таптық. Өскемен қаласының қарт тұрғыны екен. Ол Үлбі полиция бөліміне жеткізілді. Ал өлтірілген күшіктердің кімдікі екенін білмейміз», - деді «Дворянин» жануарлар құқығын қорғау ҚҚ басшысы Лариса Прокопьева.

ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам ұсталып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.