4 миллион теңге қарыз: Павлодарда алимент төлемеген ер адам қамауға алынды

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

4 миллион теңге қарыз: Павлодарда алимент төлемеген ер адам қамауға алынды
Stan.kz

Павлодарда алимент төлемеген тұрғынға қатысты тергеу басталды, деп хабарлады turkystan.kz pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қыметінің мәліметінше, қала тұрғыны 2017 жылғы алимент төлеу туралы сот шешімін орындамай, кәмелетке толмаған баласын асырауға төрт миллион теңгеден астам қарыз болған. 

Бүгінгі таңда ер адам ұсталды. Қала тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді департаментте. 

Тағы бір жағдайда Ертіс ауданының тұрғыны 2021 жылдан бастап алимент төлемеген. Ол кәмелетке толмаған екі баласына екі миллион теңгеден астам қарыз болған. Аталған факті бойынша да сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кету керек, өткен жылы полицейлер жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 296 алимент төлемейтін адамды іздестірген.