Астанада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтеді

Жарыстың ашылу салтанаты 1 ақпанда сағат 17:30-да болады.

Астанада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтеді
olympic.kz
971

1-5 ақпан аралығында Астанада грек-рим, әйелдер күресі және еркін күрестен Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, күрес түрлерінен ел чемпионаты Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек спорт сарайында өтеді.

1 ақпан - грек-рим күресі – 55, 63, 72, 82 және 97 келі.
2 ақпан - грек-рим күресі - 60, 67, 77, 87 және 130 келі.

3 ақпан - әйелдер күресі - 50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72 және 76 келі.

4 ақпан – еркін күрес - 57, 65,74,86 және 92 келі.
5 ақпан – еркін күрес - 61,70,79,97 және 125 келі.

Жарыстың салтанатты ашылуы - 1 ақпан жергілікті сағат 17.30.

Жарыстың басталуы күн сайын жергілікті сағат 10.30.

III және I орындар үшін ақтық белдесулер күн сайын жергілікті сағат 18.00.

Серіктес жаңалықтары