Садыр Жапаров ресми сапармен Қазақстанға келеді

Бұл туралы Қазақстан мен Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрлерінің кездесуінде белгілі болды

Садыр Жапаров ресми сапармен Қазақстанға келеді
kabar.kg
821

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ресми сапармен Қазақстанға келеді, деп хабарлады turkystan.kz Kabar агенттігіне сілтеме жасап.

"Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2024 жылы ресми сапармен Қазақстанға барады", - деп хабарлады Қырғызстанның сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев.

Айта кетейік, Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Бішкекте жүр.

Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, биыл екі елдің үкімет басшыларының төрағалығымен қырғыз-қазақ үкіметаралық комиссиясының отырысы өтеді.

"Тараптар Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың 2021 жылғы наурыздағы Қазақстанға мемлекеттік сапары және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы мамырдағы Қырғызстанға ресми сапары шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды", - деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары