Дидағаңның дидары немесе Жұртбаевтың көз жасы

Қалағаң дегенде осы басылымда қызмет ет­кен қазақтың қаншама жақсы-жай­саң­да­ры еске түспей тұрмайды. Солардың бірі де бірегейі ағаның жанына жақын рухани інісі, қа­зақтың көрнекті қаламгері – Дидахмет Әшім­ханұлы еді.

Дидағаңның дидары немесе Жұртбаевтың көз жасы
turkystan.kz
656

Túrkistan-ның тойы –  тек ұлттың дәс­­түрлі басылымдарына ғана емес,  түр­кітілдес басылымдарға, оның ішін­де жалпы, түркі жұртына ортақ той деу­ге әб­ден болады. Мен үшін осы ба­сы­лым­ның  бастауында тұрған тұран тұр­патты тұлға, қазақтың Қалтайы – Қал­тай Мұхамеджановпен қызметтес бол­ған күн­дерім ешқашан жадымнан шық­пас­тай болып қалды. Ол бір та­лант­ты жас көрсе балаша қуанып, оған жөн  сілтеп, жолын ашып отыра­тын. Мен де  осы бір жылдары Қала­ғаң­ның сол айырықша қасиетіне сан мәр­те куә болдым. Өз өміріме байла­ныс­тырып айтатын бол­сам, сол қам­қор­лықты көп сезіндім. 

Әсіресе, бірден оқырман ықыласын ту­дыр­ған басылымдағы «Әйел-әлем» арнаулы беті де осы кісінің идеясы еді. Онда қазақ мә­­де­ниеті мен өнеріндегі зиялы қауым өкіл­де­рінің жұбайларымен болған сұхбаттар жа­рияланып тұрды. Қалағаң мені еркелетіп «Таң-Шолпан», тіпті кейде «Қалидың Қара­кө­зі» деп атайтын-ды. Осы «Әйел-әлем» кейі­­­ні­рек екі кітапқа айналды. Үшінші кітап та ба­сылымға дайын. 

Қалағаң дегенде осы басылымда қызмет ет­кен қазақтың қаншама жақсы-жай­саң­да­ры еске түспей тұрмайды. Солардың бірі де бірегейі ағаның жанына жақын рухани інісі, қа­зақтың көрнекті қаламгері – Дидахмет Әшім­ханұлы еді.

Қалағаң идеялардың бастаушысы, ге­не­ра­торы болса, Дидағаң соны жүзеге асыру жо­­­лында жанкешті жұмыс жасайтын еді. Ол кісі тапсырманы орындауға келгенде өте та­­­лапшыл болатын. Жарияланымдар жұты­нып, жарқырап шығатын. Әсіресе, тақырып қоюға келгенде алдына жан салмайтын. Сол Ди­дағаңның өмірден өтуі тек Túrkistan-дық­тар үшін ғана емес, жалпы ұлт руханияты үшін орны толмас қаза болды. Бүгінде мен ға­на емес, әрбір Túrkistan-ның көз алдында Ди­дағаңның дидары тұратынына еш шүбә кел­тірмеймін.

Мына бір жағдай есімнен кетпейді. Қа­зақ­­тың тағы бір ғұлама тұлғасы Тұрсын Жұрт­бай екеуінің қалжыңы кісі «өлтіре­тін­дей» еді. Күн сайын десек те болар, екеуі ре­­­­дакцияда қауқылдасып жататын. Дида­ғаң­ның өмірден озғанына біраз ай өт­кен. Бір кү­ні түскі асқа түсіп бара жатыр едік, тө­мен­де бірінші қабатта баспалдаққа аяғын салып Тұр­сын аға тұр екен. Жүзі біртүрлі солғын кө­­рінді. Сондағы айтқаны ғой: «Айналайын­дар-ай, жоғарыға көтерілейін десем, әл-дәр­ме­нім құрып тұр... кімге барамын, Дидаш жоқ...» деп тұрмын. Бәріміз ағаны қаумалап жұ­бату сөз айтып жатырмыз.

Осынау ұлы дүбірлі думан үстінде осы бір жүрек тебірентер көрініс амалсыз есіме тү­сіп отыр. «Өлі разы болмай, тірі байымай­ды» деген ғой...

 Таңсұлу АЛДАБЕРГЕНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары