«Әкеме уәде бердім»: Танымал блогер енді тұрмыс құрмайтынын айтты

/
«Әкеме уәде бердім»: Танымал блогер енді тұрмыс құрмайтынын айтты
коллаж: turkystan.kz

Әлеуметтік желіде танымал ақтаулық блогер Салтанат Аманқосова күйеуімен ажырасып кеткенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Блогер бұған дейін де отбасылы болып, бірінші күйеуінен бөлек кеткен. Бірінші некесінен кішкентай қызы бар.

"Енді ақ көйлекті киіп, отбасылық өмірге қадам баспаймын. Ақ көйлекті үстімнен тек түсірілімдерден ғана көресіздер. Ойлана келе, енді отбасылық өмірге аяғымды аттап баспаймын дедім. Алдағы уақытта қандай шешім қабылдап, өмірімнің бағыты қай жаққа бұрылғанын көре жатарсыздар. Бұдан кейін мен махаббатқа да, сезімге де, адамға да сенбеймін. Ата-анаммен отырып ашық сөйлестім. Әрине, алдарында ұятты болдым. Себебі, екінші рет ажырасып отырғасын, әкем мен шешемнің көңіліне тағы қаяу түсірдім-ау. Бұдан бұлай, жаңа отбасы құрып, тұрмыс құру туралы жақ ашпаймын. Оnық әбден жeдiм. Бoлap.

Әкемнің бір сөзі тамағымды тұрыn қалды “Caған қызымды осылай жылaтy үшiн бердім ба? Менің жасыма келгенде, менің және әкеңнің ішкі жан-дүниесі қандай болып жатырғанын сезінерсің” Деп көзіне жас алған сәті… Сол кезде, менің әлемім көз алдымда құлады. “Өзіммен өзім тұрмыс құрмай-ақ жүре беруім керек еді. Неге ocы адамға ceнin, ekiнші рет шалыс бастым екен?!” деген ой маза бермеді. Әкеме “енді тұрмыс құрмаймын” деп уәде бердім… Болары болды, Бояуы сіңді", - деді Салтанат Аманқосова.

Айта кетейік, Салтанат Аманқосова бірнеше ай бұрын ғана екінші рет тұрмыс құрып, дүркіретіп той жасаған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары